Сөмкеге сиятын көлік пайда болды

Сөмкеге сиятын көлік пайда болды
Cурет: 24.kz

Адамнан айла артылмайды

Жапондықтар үрлемелі электрскутер жасап шығарды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап. 

Бұл көлікті сөмкеге салып алып жүруге болады. Қажеті болса сорғының көмегімен әп-сәтте үріп, мініп кете бересіз. Ол сағатына 15 шақырым жер жүреді. Қуаты 90 минутқа жетеді. Әзірге инженерлер скутердің жаппай өндіріске қашан шығарылатынын білмейді. Өйткені оның қауіпсіздігін тексеру керек.  

«Скутер жұп-жұмсақ. Әуе шары не баскетбол добы секілді. Ол үстінде отырған адамға қарай пішінін өзгерте алады. Болашақта қозғалыс құралын одан әрі жетілдіру жоспарда бар. Біз скутердің бәрінің көңілінен шыққанын қалаймыз»,-дейді ғалым Хироки Сато.