Егер кене шақса, неше сағатта дәрігерге көріну қажет?

Егер кене шақса, неше сағатта дәрігерге көріну қажет?
inform.kz

Алматыда 40 адамды кене шақты

Алматыда сәуір айында қалалық жедел-шұғыл көмек көрсету ауруханасына кене шаққан 40 адам түскен, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz «Хабар 24»-ке сілтеме жаса

П.

Олардың барлығына кене иммуноглобулині салынды, - деді аурухананың қабылдау бөлімінің меңгерушісі Бауыржан Омаров. Ал жыл басынан бері екі адамнан кене энцефалиты табылған.

Мамандардың айтуынша, сәуір мен маусым айларында қауіпті жәндіктер белсенді болады. Алматыда кене шағу ықтималдығы жоғары аймақтарға Көктөбе, Медеу және Алма-арасан шатқалдары жатады. Сондықтан дәрігерлер табиғатқа шыққанда абай болуды ескертеді. Ақ түсті жабық киім киген жөн.

Егер кене шақса, алғашқы 72 сағатта дәрігерге көріну қажет. Зиянкесті ауруханаға өзімен бірге шыны ыдысқа салып алып келгені жөн.

Себебі, табиғаттағы кенелердің 1,5-2 процентінде ғана кене энцефалитының қоздырғышы болады. Оны тек зертханада тексеруге мүмкіндік бар.  

– Кене ауруының қатерлілігі сонда, ол ауру кезінде кене ауруының қоздырғышы арбавирустар орталық жүйке жүйесін зақымдай отырып, ауруда тек қана дене қызуы сонымен қатар, улану тудырмай, және өте ауыр түрде әртүрлі салдарлар туғызуы ықтимал. Сондықтан, салданудың әсерінен адам кемтар болып қалуы мүмкін. Сондықтан кене энцефалитына өте дұрыс көзқараспен қарап, оны алдын ала болдырмау қажет, - дейді қалалық қоғамдық денсаулық басқармасының штаттан тыс бас инфекционисі Әділ Қатарбаев.