Алматыда коронавирустың төртінші толқыны бәсеңдеуде – карантин шаралары жеңілдетіледі

Алматыда коронавирустың төртінші толқыны бәсеңдеуде – карантин шаралары жеңілдетіледі
Сурет: Іvi.ru

Коронавирус шегінбей тұр, бірақ дерт жұқтыру бәсеңдей бастады.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингісінде Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин карантиндік шаралардың бәсеңдеуі туралы айтты, сонымен қатар вакциналану инфекциядан қорғаудың ең тиімді шарасы екенін еске салды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Жандарбек Бекшин сенбі, 4 қыркүйектен бастап Алматыда «эпидемиологиялық ахуалдың тұрақтануына байланысты» карантин бәсеңдетілетінін хабарлады.

Қаулыға сәйкес, демалыс күндері жұмысшылар мен келушілерге Ashyq қосымшасында «жасыл статусы» бар кәсіпкерлердің нысандары рұқсат етілген – олар вакциналанған немесе ПТР-тестін бір аптадан аз уақытта тапсырған. Дүйсенбіден бастап жұмыс күндері кәсіпкерлік нысандарға түн ортасына дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

«25 тамыздан бастап эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануы «дельта» Сovid-19 нұсқасынан туындаған эпидемияның төртінші толқынының төмендеуінен байқалады. 2 қыркүйекте дерттің 1 859-дан 1 264 жағдайға дейін төмендеуі тіркелді. Бұл төмендеу Алматы қаласы халқының 45 пайыздық иммундық қабатының қалыптасуымен байланысты. Қазіргі уақытта күн сайын коронавирусқа қарсы 3 мыңға жуық адам екпе алуда»,- деді Жандарбек Бекшин.

Бүгінде қаланың жалпы тұрғындарының санынан бірінші компонентімен вакциналану 44%-ы құрады (878 336 адам), екінші компонент - 37,9% (756 156 адам). Жандарбек Бекшиннің айтуынша, иммундық қабаттың 70%-на дейін және одан да жоғары болуына қол жеткізу керек.

Жыл басынан бері Алматыда КВИ-дің 130,9 мың, тамызда 46,9 мың жағдайы тіркелген.

Санитарлық-эпидемиологиялық департамент басшысы эпидемиологиялық зерттеулердің қорытындысы бойынша 20-39 жас аралығындағы азаматтарда коронавирус жұқтырғандар - 35%, 40-59 жастағылар - 24% және 60 жастан асқандар арасында 23% екенін хабарлады.

 «Өткен аптада коронавирусты жұқтырудың негізгі орындары - сауда нүктелері - 33%, отбасылық байланыс - 18%, қоғамдық көліктер - 17%, базарлар - 13%», - деді Жандарбек Бекшин.

Алматының бас санитарлық дәрігері коронавирусты жұқтырған симптомды науқастардың саны өсіп келе жатқанын айтты - шамамен 95%, «уханьды» жұқтырғандар - 50% және «британдық» штамды жұқтырғандар - 81%.

«Көптеген адамдар дерттің қауіпті екенін жақындарынан айырылғаннан кейін ғана түсінеді. Санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға күмәнмен қарайтын, маска режимі мен әлеуметтік қашықтықты елемейтін адамдар әлі де бар. Жастар аурудың гипертасымалдаушылары болып қала беретінін еске салу қажет», - дейді Жандарбек Бекшин.

Шараларды жеңілдету цифрлық технологияларды, яғни Ashyq қосымшасын қолдану арқылы мүмкін болды. Эпидемиологиялық жағдайға байланысты негізгі шектеу шаралары жалғасады.