Алматыда тау баурайында қураған ағаштар өртенді

Алматыда тау баурайында қураған ағаштар өртенді
Сурет: Ашық дереккөз

Алматыда тау баурайында құрғақ шөп өртенді

Өрт сөндірушілер мен орман шаруашылығының өкілдері 100 шаршы метр алқапқа жайылған өртті сөндірді. Бұл туралы Almaty-akshamy.kz Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Тау баурайында қураған ағаштар жанған. Құтқарушылардың хабарлауынша, өрттің жайылу қаупі жоқ.

«27 сәуір күні сағат 20:00-дер шамасында Алматы қалалық табиғи өрттерді сөндіру жасағы мен Іле Алатауы ұлттық паркінің өкілдері аспаптарымен Медеу ауданы Керей Жәнібек хандар көшесіндегі 389-шы үйдің маңына жөнелтілді. Онда тау баурайында құрғақ шөп пен қураған жанғаны белгілі болды. Өрттің жайылу қаупі жоқ», - делінген хабарламада.