Алматыда тағы бір шетелдік ұры ұсталды

Алматыда тағы бір шетелдік ұры ұсталды
Сурет: Germania.One

Күдікті бұған дейін де істі болған.

Алматыда тағы бір шетелдік қалта ұрлығы үшін ұсталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қалта ұрлығын жасаған Өзбекстан азаматы болып шықты.

«39 жастағы шетел азаматы смартфон ұрлады деген күдікке ілінді. Д. есімді азаматтың 38-бағыттағы қоғамдық көлікте ұрлық жасағаны белгілі болды. Ол жолаушы күртесінің қалтасынан Samsung телефонын суырып алған. Жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті ұсталды. Айғақты зат – ұялы телефон тәркіленді және бөтеннің мүлкін ұрлау дерегі бойынша тіркелген қылмыстық іске қосылды. Келтірілген материалдық шығын 120 мың теңгені құрады. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

Күдіктінің бұған дейін де осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін істі болғаны белгілі болды.