Алматыда шілдеде 66 жылдық температура рекорды жаңартылды

Алматыда шілдеде 66 жылдық температура рекорды жаңартылды
Сурет: Gazeta.ru

Биылғы шілде ерекше ыстық болды.

Алматыда 22 шілдеде ауа температурасы 39,3 градус ыстық болып, ауа температурасы 39 градусқа дейін көтерілген 1956 жылғы рекордты жаңартты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz "Қазгидрометке" сілтеме жасап.

22 шілдеде еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерінде термометр бағаны +40+46С дейін жетті.

Жалпы, шілде айының үшінші онкүндігі республиканың оңтүстік жартысында әдеттен тыс ыстық болды. Бұған Иран мен Орталық Азия аймақтарынан жылы ауа массаларының қарқынды шығуы ықпал етті.

Температуралық рекордтардан бөлек, айдың басы мен аяғында республика аумағында айлық нормадан 2-4 есе асып түсетін қатты жаңбыр жауды.