Қазақстан мен Түрікменстан арасында 354 метрлік көпір салынбақ

Қазақстан мен Түрікменстан арасында 354 метрлік көпір салынбақ
Сурет: Еgemen.kz

Көпір 2024 жылдың маусым айында іске қосылады.

Жаңа көпір елдің шығыс және солтүстік өңірлері мен көршілес мемлекетпен арадағы тауар айналымы, жүк және жолаушылар тасымалы көлемін арттырады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов маңызды көлік инфрақұрылымы нысанының – «Түрікменбашы - Гарабогаз - Қазақстан шекарасы» автомобиль жолы бойындағы Гарабогаз Кёл шығанағы арқылы өтетін көпірдің іргетасын қалау рәсіміне қатысты.

«Заман талаптарын ескере отырып, Гарабогаз шығанағы арқылы өтетін автомобиль көпірінің құрылысын бастауды қолға алған дұрыс деп санадық. Осы жылдың 16 маусымында қабылданған қаулыға сәйкес, жалпы ұзындығы 354 метр және ені 21 метр болатын автомобиль көпірінің жобалық-сметалық құжаттамасын дайындау және салу көзделген. Көпір Түрікменбашыдан Гарабогаз кёл шығанағы арқылы Қазақстан шекарасына дейін апаратын тас жолдың бойында салынады», деп атап өтті Сердар Бердімұхамедов.

Осылайша, көпір Түрікменстан, Ресей, Қазақстан, Иран мен Үндістанның жүк тасымалдаушыларына теңіз, теміржол және автомобиль көлігін пайдаланып, ең қысқа жолмен Солтүстік және Шығыс Еуропа елдеріне шығуға мүмкіндік бермек.

Автомобиль көпірі мен оны жеткізетін жолдар 2024 жылдың маусым айында іске қосылады.

Жол төрт жолақты болады – Қазақстан шекарасы бағытында әр жаққа екі жолақтан. Нысан ескі көпірдің орнына салынады.

Сондай-ақ, мұнда ені екі метр болатын жаяу жүргіншілерге арналған жасанды жарықтандыру және қоршау болады.

Бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жоомарт Тоқаев Қазақстан «Түркменбашы – Гарабогаз – Қазақстан шекарасы» жаңа автомобиль жолының құрылысын қолдайтынын мәлімдеген болатын.