Алматыда Сайран су қоймасының түбін тазарту жұмыстары басталды

Алматыда Сайран су қоймасының түбін тазарту жұмыстары басталды
Cурет: Almaty-akshamy.kz

Алматы қаласының экология және қоршаған орта басқармасының эмамандары Сайран су қоймасының түбін тазарту жұмыстарын бастады.

Су қоймасының түбі мен жағалауын лайдан, қамыс пен қоқыстан  механикалық тазарту жүргізілуде.  Бұрындары су қоймасының түбін тазарту  жұмыстары мүлдем жүргізілмеген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Механикалық тазалау жобасы аясында тереңдету, еңістерді түзеу, батыс жағалауды реттеу, жағажайды тазалау мен сол жақ жағалаудағы пирсті жөндеу жұмыстары қарастырылған.

Механикалық тазарту жұмыстарын мамыр айының соңына дейін аяқтау жоспарланған.

Су қоймасының түбін тазарту жұмыстарының жалпы аумағы 162 мың шаршы метрді құрайды. Ал, тазарту жұмыстарымен 35 жұмысшы айналдысатын болады.

 Ағымдағы жылдың сәуір айында  осыған ұқсас  тазарту жұмыстарын  Әуежай және Қарасу өзендерінде де жүргізу жоспарлануда.