Алматыда сайлаушылар кезекке тұрды

Алматыда сайлаушылар кезекке тұрды
Cурет: Сайлау 2023 ТГ

Алматы аспанын әнге бөлеп, көңілді атмосфера қалыптастырған Жетісу ауданындағы №536 сайлау учаскесінде жұмыс қызып жатыр.

Тіпті дауыс беруге келген тұрғындар кезекке тұруда. Сайлаушылардың қатарынан қарттарды да, алғаш дауыс берушілерді де байқауға болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

№536 сайлау учаскесінің төрағасы Ақбаян Бимендинованың айтуынша, ел болашағына бейжай қарамайтынын танытып, дауыс беруге келіп жатқан сайлаушылар қатары көп.  

«Бүгін сайлау учаскесіне ең бірінші келіп дауыс берген Жолдас Нұрахыновқа, 18 жасқа толып, ең алғаш дауыс берген Әнел Мелісқызына және жұбымен келіп дауыс берген қарттарға сыйлық табыстадық», - дейді  №148 мектеп гимназияда орналасқан №536 сайлау учаскесінің төрағасы Ақбаян Жалмұхамбетқызы.