ЕАЭО елдерінен тауар әкелгенде нені ескеру керек?

ЕАЭО елдерінен тауар әкелгенде нені ескеру керек?
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Алматыда салық салушылар ЕАЭО елдерінен тауарларды әкелу және әкету кезінде ТІЖ енгізу жобасын қалай іске асыруда

Осы тақырыпта Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ЕАЭО шеңберінде Қосылған құн салығын әкімшілендіру басқармасының басшысы Жан Фараби Сейтханның қатысуымен Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында брифинг өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Жан Фараби Сейтханның айтуынша, тасымалданатын жүктерге жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша ЕАЭО аумағында тауарлардың еркін қозғалысы шеңберінде салық төлеуден жалтарудың әртүрлі схемалары, оның ішінде жалған алушыларға тауарларды әкелу қолданылғаны анықталды.

 Сондықтан, салық әкімшілендіру процестерін автоматтандыру және цифрландыру шеңберінде 2020 жылдың соңында ЕАЭО елдерінен тауарларды импорттау және экспорттау кезінде ТІЖ  енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

"ТІЖ енгізуге байланысты жалпы ЕАЭО елдерінен жалған алушыларға тауарлар импорты 2019 жылғы 10,2 мың фактіден 2021 жылы 259 фактіге дейін азайды. ЕАЭО елдерінің импорты бойынша ҚҚС түсімдері 2021 жылы 35%-ға немесе 2020 жылға қарай 236 млрд теңгеге өсті.", - деп статистикалық деректерді ӨКҚ спикері атап өтті.

Пилоттық жобаның оң нәтижелерін ескере отырып, 2023 жылдың 1 сәуірінен бастап тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды (ТІЖ) шығару міндеттемесі күшіне енді.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2023 жылғы 15 наурыздағы No 278 бұйрығының 2-қосымшасына сәйкес тауарларға ілеспе шот-фактураларды жазу міндеті жүктелетін тауарлардың тізбесі мынадай:

  1. «Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының заңымен реттелетін биоотын өндірілуі мен айналымы.
  2. «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының заңымен реттелетін этил спирті және алкоголь өнімі.
  3. "Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасының заңымен реттелетiн мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерi.
  4. Бақылау механизмі туралы келісім бойынша қадағалануға жататын тауарлар
  5. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарлар
  6. Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағына әкетілетін тауарлар

Келісімге сәйкес қадағалануға жататын тауарлардың тізбесі Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 21 қаңтардағы No 2 шешімімен бекітілді.

Пилоттық жоба шеңберінде қадағалануы жүзеге асырылатын тауарлар тізбесі сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының 11 кодын (тұрмыстық тоңазытқыштар мен мұздатқыштар) қамтиды.

"Айта кету керек, салық төлеуші ТІЖ ұсынбағаны және ТІЖ-тағы мәліметтердің нақты тасымалданатын жүкке сәйкес келмеуі үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.", - деді Жан Фараби Сейтхан.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 283-1-бабына сәйкес, ТІЖ-ты ұсынбау немесе уақтылы ұсынбау, атауының сәйкес келмеуі, тауардың санын (көлемін) ТІЖ-та сенімсіз көрсету – бестен отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады. Шаруашылық жүргізуші субъектіге байланысты есептік көрсеткіштер.

2023 жылғы 1 сәуірден бастап тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды (ТІЖ) шығару жөніндегі міндеттеменің күшіне енуіне байланысты Мемлекеттік кірістер қызметі салық төлеушілерге ТІЖ-ты міндетті тіркеу қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстарын тұрақты негізде жүргізеді, атап айтқанда:

1) Ридд операциялық залдарында баннерлер, буклеттер орналастырылған;

2) МКБ (Instagram) ресми интернет-ресурстарында жедел желі телефондарының нөмірлері орналастырылған;

4) апта сайын Instagram парақшаларында ТЖК мәселелері бойынша тікелей эфир өткізіледі;

5) апта сайынғы негізде бейсенбі күндері салық төлеушілердің қатысуымен ZOOM конференциялары арқылы СНТ-ны танымал ету бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.