Елордада «Құстар» саябағы ашылады

Елордада «Құстар» саябағы ашылады
Сурет: eSosedi

Жаңа саябаққа бірнеше құс ұясы орнатылмақ.

Қалалық әкімдіктің ресми сайтының мәліметінше, елордада биыл жазда жаңа бағыттағы қоғамдық кеңістік ашылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Құстар» саябағы қаланың тарихи бөлігінде – Желтоқсан, Сейфуллин, Бейбітшілік және Омаров көшелерінің аралығында – №1 қалалық емхананың жанында орналасады.

Қала тұрғындарының біраз бөлігі көгершіндерге жем беруді ұнататынын ескере отырып, жаңа саябаққа бірнеше құс ұясы орнатылмақ. Елорданың урбанистика орталығы жобалау кезінде жалпықалалық демалыс аймағын ашу ісіне басымдық берді: құстарға жем шашуға арналған орындар, сол сияқты кедергісі жоқ тыныш аймақ құру.

Жаңа кеңістіктің кіреберіс тұстарын гирляндалармен безендіру жоспарланып отыр. Алаңның барлық аумағында әр түрлі мағына беретін шамдар орнатылады. Ал тротуарлардың бойына түрлі орындықтар қойылады. Сондай-ақ, саябақтың ортасына гүлзары бар көлеңкелі шатырды орналастыру жоспарда бар. Қоғамдық кеңістіктің бос тұстарына ағаш отырғызылады.