Алматыдан 427 шақырым қашықта жер сілкінді

Алматыдан 427 шақырым қашықта жер сілкінді
inform.kz

ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі 4 қаңтар күні Алматы уақытымен 10 сағат 45 минут 02 секундта жерасты дүмпуін тіркеді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан шығысқа қарай 427 шақырым қашықта, Қытай аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 11.6, магнитудасы – 4.4. Жерасты дүмпуі 15 шақырым тереңдікте болған», - делінген хабарламада.