Алматыда нанның бағасы тұрақты

Алматыда нанның бағасы тұрақты
bryansk.bezformata.com

Алматы қаласының наубайханаларында әлеуметтік нан өндіру үшін ұн қорының жеткілікті мөлшері бар. Бұл туралы Алматы қаласының кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

«Нан бағасының өсуіне жол бермеу үшін «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» қорынан 38 мың тонна субсидияланған астық жеткізілуде (құны тоннасына 90 мың теңге). Бүгінде «Ақсай нан», «Алматыдан» және «Рузинан» наубайханаларына астық жеткізілді», - деп мәлімдеді басқармада.

Басқарманың мәліметінше, мегаполиске ай сайын 4 мың тоннадан астам астық жеткізіліп отыр.

«Субсидияланған астық есебінен қаланың нан-тоқаш комбинаттары ірі сауда желілерінде нанның бағасын бір бөлке үшін 80 теңге және «үй жанындағы» дүкендерде бір бөлке үшін 90 теңге бағасын бекітті», - деп нақтылады Алматы қаласының кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасында.