Мамандар 17 мың қазақстандық жұмыскерлердің құқығын қорғады

Мамандар 17 мың қазақстандық жұмыскерлердің құқығын қорғады
Сурет: Fbss.ru

Кәсіпорындардың қызметкерлерге 1,24 млрд теңге берешегі бар. 

14 қазандағы деректерге сәйкес, республиканың 60 кәсіпорнында 1821 қызметкерге жалақы бойынша 1,24 млрд теңге көлемінде берешегі бар, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inbusiness.kz сілтеме жасап.

Кәсіпорындардың қарызы жайында 21 қазан күні ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Еңбек, әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы Төлеген Оспанқұлов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында айтты.

"Жұмыскерлер алдындағы ең көп берешек Абай облысында – 218,7 млн теңге, Жетісу облысында – 22,9 млн теңге және Астана қаласында – 19,3 млн теңге. Жыл басынан бері жергілікті еңбек инспекциясы органдарының көмегімен жалақы бойынша 4,1 млрд теңгеге жуық берешек төленді, сол арқылы 16,4 мың қызметкердің құқықтары қорғалды", – деді комитет төрағасы.

Спикердің айтуынша, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бастамасымен жалақы бойынша берешекті өтеудің нәтижелілігін арттыру мақсатында заңнамаға өзгерістер енгізілген.