АҚШ доллары үшін – 15 теңге, еуро үшін – 20 теңге

АҚШ доллары үшін – 15 теңге, еуро үшін – 20 теңге
Twitter

Ұлттық банк доллар еуроны сатып алу кезіндегі ауытқу шегін белгіленді

Ұлттық банк шетел валютасын теңгеге сатып алу- сату бағамынан ауытқуының белгіленген шек мөлшерін бекітті, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Құжатпен уәкілетті банктер мен уәкілетті ұйымдардың айырбастау пунктері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша қолма-қол шетел валютасын сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шегінің рұқсат етілетін мәндері бекітілді.

Шетел валютасын теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқуының белгіленген шек мөлшері 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданылу мерзімімен АҚШ доллары үшін – 15 теңге, еуро үшін – 20 теңге.

Белгіленген шектеулер қолма-қол ақшасыз жүргізілетін айырбастау операцияларына қолданылмайды .

Қаулының толық мәтінімен Қазақстан Ұлттық банкінің сайтында танысуға болады.