Алматыда мемлекет кепілдік берген заң көмегін 336 адвокат көрсетеді

Алматыда мемлекет кепілдік берген заң көмегін 336 адвокат көрсетеді
almaty-akshamy.kz

ӨКҚ брифингіне қатысқан құқықтық түсіндіру жұмыстары және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің бас маманы Әділет Қадыров Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамалық актілерінде әрбір адамның азаматтық, әкімшілік және қылмыстық процесте белгіленген нормаларға сәйкес білікті заң көмегін алуға құқығы қарастырылғанын айтты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz. 

Мемлекет кепілдік берген зан көмегін көрсету жүйесіне қатысатын адвокаттардың тізімі жыл сайын мемлекеттік жане орыс тілдерінде мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ интернет ресурстарында жарияланады.
 
«Биыл Алматы қаласына халыққа кепілдендірілген мемлекеттік заң көмегін көрсету үшін 250 млн теңгеден астам қаржы бөлінді. Істердің ауырлық дәрежесіне қарай адвокат өз қызметі үшін ақы алады. Іс аса ауыр емес, әкімшілік және азаматтық сипатта болса, ол жұмысының бір сағаты үшін 0,56 АЕК алады; егер ауыр қылмыс болса, 0,76 АЕК; аса ауыр қылмыс болса, 1,15 АЕК алады», - деді спикер.