Алматыда «Мектеп автобусы» жобасының бірінші кезеңі басталды

Алматыда «Мектеп автобусы» жобасының бірінші кезеңі басталды
almaty-akshamy.kz

Алматы әкімдігі қоғамдық көлікке қызмет көрсету сапасын жақсартуға ерекше назар аударады деп мәлімдеді   қала әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесуде.

Бүгінде «Қайрат» шағын ауданынан «Райымбек» метро станциясына дейін жаңа №9 автобус маршруты (8 автобус) іске қосылды. Сондай-ақ осы жылдың соңына дейін жаңа автобустардың келіп түсуіне қарай 7 маршрут (№8, 13, 17, 38, 46, 47, 69; 130 автобустар) жаңартылады.

Оқу жылының басынан бастап қалада өз мектептерінен шалғай аудандарда тұратын балаларға арналған «Мектеп автобусы» жобасының бірінші кезеңі басталды. Түрксіб ауданы бойынша бүгінде ауданның 4 мектебінен (№№20, 32, 162, 115) балаларды тасымалдайтын 7 «schoolbus» автобусы қатынайды.