Тәркіленген спирттен антисептик жасайды

Тәркіленген спирттен антисептик жасайды
twitter.com

Солтүстік Қазақстанда «қара базардан» ірі көлемде тәркіленген спирт кәдеге жаратылады деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Облыстық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің шешімімен 46 мың литрге жуық өнім қалалық ауруханалардың біріне тегін берілді. Енді одан антисептик пен дезинфекция құралдары жасалады. Қоймада тұрған спирттің барлығы бір жарым ай бұрын көлеңкелі бизнеспен айналыспақ болған кәсіпкерден тәркіленді. Жалпы сомасы 82 миллион теңгеге бағаланып отыр. Тауарға бірден сараптама жасалып, оның сапасы тексерілді.

- Бұл өнім қыркүйек айында тәркіленді. Сапасы жақсы болғандықтан арнайы комиссия оны жойып жібергенше кәдеге жарату керек деген шешім қабылдады. Кейін ол аукционға шығарылды. Ең алғаш болып қаладағы ауруханалардың бірі өтініш берді. Басты талап олар мұны техникалық мақсатқа пайдалануы қажет - дейді облыстық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің бөлім басшысы  Дулат Қожанов