Қазақстанға Қытай вакцинасының жаңа партиясы жеткізілді

Қазақстанға Қытай вакцинасының жаңа партиясы жеткізілді
Cурет: Zakon.kz

Жүк құрамына 2 млн доза кірді

29 қаңтарда ҚР-ның ҚХР-дағы елшілігінің қолдауымен Бейжіңнен Алматыға Sinopharm (VeroCell) корпорациясы шығарған COVID-19-ға қарсы вакцинаның кезекті партиясы келіп жетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Жүк құрамына 2 млн доза кірді. Жеткізілген дозалар ҚР халқын жаппай вакцинациялауды аяқтауға мүмкіндік береді.

"Келген вакцина стикерлеу рәсімі аяқталғаннан кейін, ҚР ДСМ СЭБК-нің үйлестіруіне сәйкес жедел тәртіппен ел өңірлеріне жіберіледі. Алдағы күндері Қазақстан Республикасының азаматтарына коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялау үшін қолжетімді болады",-, делінген хабарламада.

Ковидке қарсы препарат Бейжің биологиялық өнімдер институты әзірлеген және ДДҰ осы жылдың көктемінде мақұлдаған, ол әлемнің 45 елінде танылған. Вакцина белсенді емес, екі дозалы. Сақтау мерзімі- 24 ай.

Бірыңғай дистрибьютор иммунобиологиялық препараттардың логистикасын барлық GMP және GDP стандарттарын, сондай-ақ "суық тізбекті" сақтай отырып жүзеге асырады.

Sinopharm вакцинасының ерекшелігі - оны жеткізу процесі мұздатқышты қажет етпейді, +2 +8 градус температурада сақталады және тасымалданады. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Sinopharm компаниясының Бейжің биологиялық өнім институты препаратының 4 млн. дозасын, сондай-ақ сәуір айының соңында БАӘ-де Hayat-Vax сауда атауымен шығарылған миллион дозаны алған болатын.