Алматыда көшелерді қардан тазартуға мыңнан астам жұмысшы жұмылдырылды

Алматыда көшелерді қардан тазартуға мыңнан астам жұмысшы жұмылдырылды
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Жолдарға 1624 тонна материал себілді

Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы10 желтоқсанда сағат 18:00-дегі жағдай бойынша қалада қар тазалау жұмыстары жайлы баяндады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Сағат 12:00-ден бастап Алматы қаласында қар жауа бастады, "Қазгидромет" РМК болжамы бойынша 11 қаңтар түске дейін қар жауады деп күтіледі.

Алматы қаласында қалың қар жауа бастағаннан бастап, көктайғақтың алдын алу мақсатында 143 құмшашқыш түннен бастап жолдарға көктайғаққа қарсы қоспа себе бастады. Сағат 18:00-дегі жағдай бойынша 1624 тонна, сонымен қатар, 122 текше метр сұйық реагент пайдаланылды.

Жалпы пайдалану орындарын, тротуарларды, жаяу жүргіншілер аймақтарын, қоғамдық көлік аялдамаларын, жерүсті және жерасты өткелдерін тазарту жұмыстары жалғасуда. 512 бірлік арнайы техника және 1076 жұмысшы жұмылдырылды.

Түнгі уақытта 460 дана арнайы техника, оның ішінде 204 дана сыпыру-жинау техникасы және 360 жұмысшы шығады деп жоспарлануда.

Әр ауданда 2 баған ұйымдастырылып, көктайғаққа қарсы материалдар қайта себіледі. 

Мердігерлік кәсіпорындарда қар тазалау бойынша тәулік бойы жұмыс ұйымдастырылды.

"Қазгидромет" РМК болжамы бойынша, ауа температурасы 11 қаңтарда түнде және түстен кейін -10...-12 градус суық болады.