Алматыда «олигархтардың балалары» арасындағы төбелес тергеліп жатыр

Алматыда «олигархтардың балалары» арасындағы төбелес тергеліп жатыр
Сурет: Ашық дереккөзі

Жанжалдың неден шыққаны әзірге белгісіз.

Алматыда «олигархтардың балалары» арасындағы төбелеске қатысты тергеу басталды. Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.

 Бұған дейін ақсүйек отбасынан шыққан екі адамның бір-бірімен жұдырықтасып жатқан видеосы әлеуметтік желіге жарияланып, көптің талқысына түскен еді. Оқиға Алматыдағы караоке-барлардың бірінде болған. Жанжалдың неден шыққаны әзірге белгісіз. Қазір оларға төбелескен кезде алған жарақаты бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалған.

«Аталмыш дерек Қылмыстық кодекстің 293-бабы 2-тармағы бойынша тіркеліп, қазіргі таңда Алматы қалалық полиция департаментінің тергеу басқармасының өндірісінде. Жанжалға қатысқан барлық тұлғалар анықталып, сұрақ-жауап алу процедурасынан өтіп жатыр», – деді Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.