Астанада VIII сайланған ҚР Парламентінің бірінші сессиясы ашылды

Астанада VIII сайланған ҚР Парламентінің бірінші сессиясы ашылды
Сурет: ашық дереккөз

Елордада VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясы ашылды. Жиынға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысуда, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz

Сессияның ашылуында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйледі. 

«Мен бір жыл бұрын осы ғимаратта халыққа жолдауымды жарияладым. Еліміз үшін аса маңызды сәтте саяси жаңғыру бағдарламасын ұсындым. Бастамаларымыз жұрттың шынайы қолдауына ие болды. Оған былтырғы референдумда айқын көз жеткіздік. Біз тәуекелге бел буып, бірден іске кірістік. Бір жылдың ішінде ауқымды жұмыс атқарылды», - деді Президент.