Алматыда көше тазалаушылар бір күнге суперқаһарманға айналды

Алматыда көше тазалаушылар бір күнге суперқаһарманға айналды
Сурет: Ашық дереккөзі

Коммуналдық кәсіпорын қызметкерлері Голливуд супер қаһармандарының киімін киіп, қар күреуге шыққан.

Алматы қаласының коммуналдық қызметтері «Батырлар біздің арамызда» акциясын өткізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Алматы қаласы әкімдігінен хабарлағандай, коммуналдық кәсіпорын қызметкерлері Голливуд супер қаһармандарының киімін киіп, қар күреуге шыққан.

«Бұл идеяны қызметкерлер ұсынды. Олар сол арқылы супер қаһармандар тек экранда емес, арамызда да болатынын көрсеткілері келді. Олар - күнделікті көше тазалаушы қарапайым еңбек адамдары. Айта кетейік, олардың еңбегі бағаланбайды», - дейді қалалық коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасындағылар.

Айта кетейік, суперқаһарман киіміндегі қар күреушілерді Алмалы, Бостандық, Жетісу аудандарынан көруге болды.