Алматыда көркем фильмнің түсірілуіне орай кейбір көшелер жабылады

Алматыда көркем фильмнің түсірілуіне орай кейбір көшелер жабылады
Сурет: Ашық дереккөз

Алматыда көркем фильмнің түсірілім жұмыстарына орай қала көшелерінің белгілі бір учаскелері уақытша жабылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Жабылатын көшелер:
 
– 15 қаңтар күні сағат 10-нан 14.00-ге дейін – Жібек жолы көшесі, Бұзырбаев көшесінен Горький атындағы саябаққа дейін;
- 16 қаңтар сағат 19.00-ден 02.00-ге дейін – Тимирязев көшесі Жандосов көшесінен Розыбакиев көшесіне дейін;
- 18 қаңтар сағат 01.00-ден 06.00-ге дейін – Бөгенбай батыр көшесі Достық көшесінен Уәлиханов көшесіне дейін;
- 18 қаңтар және 19 қаңтар сағат 03.00-ден 07.00-ге дейін – Құрманғазы көшесі Назарбаев даңғылынан Төлебаев көшесіне дейін.

Бұрын хабарланғанындай, түсірілім барысында түтін, пиротехникалық құралдар қолданылады, сондай-ақ қатты әрі шұғыл дыбысты көріністер болады. Кейде адамдар көп жиналатын түсірілімдер болады. 

"Кино тобы түсірілім басталардан бірнеше күн бұрын жақын маңдағы үйлердің тұрғындарын хабардар етуге, сондай-ақ ақпараттық белгілерді тікелей орындарда пайдалануға міндеттенді. Осыған байланысты қала тұрғындары мен қонақтарынан түсірілім процесіне түсіністікпен қарауды сұраймыз", -делінген әкімдік таратқан мәліметте.