Дзюдошы Шерзод әлем чемпионатында қола үшін сайысады

Дзюдошы Шерзод әлем чемпионатында қола үшін сайысады
Сурет: Оlympic.kz

Біздің спортшылар ерлеп жатыр

Ұлттық Олимпиада комитетінің дерегінше, қазақстандық дзюдошы Шерзод Давлатов жастар арасындағы әлем чемпионатынының қола жүлдесі үшін күресуге мүмкіндік алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Ол 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жұбаныш белдесуінде ресейлік Абу-Муслим Парчиевтен басым түсті. 

Сондай-ақ, Шерзод Давлатов жарыстың ширек финалына дейін қарсылас шақ келтірген жоқ.

Алайда жартылай финалдық жолдаманы сарапқа саларда отандасымызды грузин балуаны Георгий Сардалашвили тоқтатты. 

Жерлесіміз енді жарыстың қола жүлдесін жеңіп алу үшін өзбекстандық Камолиддин Бахтиёровпен кездеседі.