Алматыда ХӘОТ коммуналдық қызметтер тарифтерінің өсуі толық көлемде өтеледі

Алматыда ХӘОТ коммуналдық қызметтер тарифтерінің өсуі толық көлемде өтеледі
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Осы жылдың 1 наурызынан бастап жетім балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар Алматыда ХӘОТ үшін қаржылық көмекке үміткер бола алады, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

2024 жылғы 1 сәуірден бастап халықтың әлеуметтік осал топтарына (ХӘОТ) жататын азаматтар санаттары үшін өтемақы төлемі 0,8 АЕК, яғни 2 954 теңгені құрайды. Бұл туралы Алматы қаласы Мәслихатының XV сессиясында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Бауыржан Жаубасов мәлімдеді. 

ХӘОТ санаттарын қаржылық қолдаудың артуы коммуналдық қызметтер тарифтерінің өсуімен байланысты. 

«ХӘОТ қосымша қолдау шараларын көрсету үшін қолданыстағы әлеуметтік көмектің мөлшерін 2024 жылғы 1 наурыздан бастап 0,75 АЕК – 2769 теңгеге дейін арттыру ұсынылады», – деп нақтылады Бауыржан Жаубасов. 

Алматы Мәслихатының бастамасы бойынша әлеуметтік көмек алушылардың тізбесіне жетім балалар санаты енгізілді. Ағымдағы жылдың 1 наурызынан бастап жетім баланы 18 жасқа дейін қамқорлыққа алған отбасы коммуналдық қызметтерге тарифтерді көтергені үшін өтемақы талап ете алады.

Қазіргі уақытта Алматыда ХӘОТ-қа жататын 315 мың азамат тұрады, оның 133 мыңы өтемақы көмегіне жүгінді. Естеріңізге сала кетейік, сумен жабдықтауға өтемақы 2023 жылғы 1 шілдеден бастап 0,5 АЕК мөлшерінде және 2023 жылғы 1 қарашадан бастап электр энергиясына 0,6 АЕК көлемінде көрсетілуде.