Алматыда «Қазақтелеком» бөлімшесінде шу шығарған масты скотчпен орап тастауға тура келген

Алматыда «Қазақтелеком» бөлімшесінде шу шығарған масты скотчпен орап тастауға тура келген
Сурет: Astanatv.kz

Әлеуметтік желіде «Қазақтелекомның» Алматы бөлімшесіне келген азаматты екі ер адамның скотчпен орап жатқан сәті түсірілген видео шықты.

Компанияның баспасөз қызметі оқиғаға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Astanatv.kz-ке сілтее жасап. 

«Қазақтелеком» АҚ баспасөз қызметі хабарлағандай, оқиға 4 қазан күні Шаляпин - Береговой көшелерінің қиылысында орналасқан компанияның сервис жүйесі пунктінде болған.

«Куәгерлердің сөзінше, С. есімді азамат мас күйінде фронт-офиске келгеннен бастап өзін дұрыс ұстамай, клиенттер мен қызметкерлерге балағат сөздер айтқан. Ғимараттағы адамдар мен балаларға қауіп төндірді. Тәртіп бұзушы қауіпсіздік қызметкерінің ауызша ескертулерін елемей, орынсыз мінез-құлықтар көрсетті. Клиенттер мен абоненттік бөлім қызметкерлерінің қауіпсіздігін сақтау мен құқыққа қайшы әрекеттерге жол бермеу мақсатында полиция келгенге дейін оған мәжбүрлі шаралар қабылданды. Оқиғаға клиенттер де өз өмірі мен денсаулығын қауіпке тіге отырып, қатысты», - деп хабарлады «Қазақтелеком»АҚ-да.

Компания, сондай-ақ, оқиға болған күні ғимаратта болған барлық клиенттерінен кешірім сұрады.

«Біз үшін қыметтің жоғары сапасы, қызмет көрсету және клиенттердің қауіпсіздігі басты басымдық болып табылады. «Қазақтелеком»АҚ заңгерлері құқық қорғау органдарымен бірлесіп, жақын арада қалыптасқан жағдайға заңдық баға беруі тиіс. Компания тарапынан да қауіпсіздік шаралары күшейтілетін болады», - деп атап өтті компаниядан.