Қазақ боксшысы әйгілі залда жаттығуда

Қазақ боксшысы әйгілі залда жаттығуда
Сурет: Уvision.kz

«Қазақ бокс стилі» негізін салушы жарысқа дайындықты бастады

Қазақ боксшы Жәнібек Әлімханұлы (10-0, 6 КО) келесі жекпе-жегіне дайындықтың негізгі кезеңін бастады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Отандасымыз Джеймса «Бадди» Макгирт залына оралып, жаттығуға кірісті. Боксшының әлеуметтік желідегі ақпаратына сенсек, келесі жекпе-жегі қарашаға жоспарланған.

Әлі  жекпе-жектің нақты күні, орны және қарсыластың аты жарияланған жоқ. 

Жерлесіміз Жәнібек алдыңғы жекпе-жегі маусым айында Лас-Вегаста өтіп, орта салмақтағы WBA тұжырымының бұрынғы «тұрақты» чемпионы, америкалық боксшы Роб Брунтты (26-3, 18 КО) сегізінші раундта нокаутқа жіберді.