Алматыда креативті дизайнерлерге арналған байқау басталды

Алматыда креативті дизайнерлерге арналған байқау басталды
gov.kz

Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мен қала әкімдігінің ұйымдастыруымен  дизайнерлер арасында жемқорлыққа қарсы тақырыпта билбордтар байқауы басталды. 

Байқаудың бастамашылары дизайнер-суретшілерге үлкен шығармашылық еркіндік береді және олардан сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы ақпаратты кең аудиторияға жеткізу үшін жаңа көзқарастар мен ерекше тәсілдер күтеді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы билбордтар - сыбайлас жемқорлық проблемасына жұртшылықтың назарын аудару және азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымын нығайту бойынша жеткілікті тиімді құрал.

Қатысушылар әр түрлі сурет салу техникасында, сондай-ақ графикалық редакторларда көркем және шығармашылық жұмыстарды ұсына алады.

Жұмыстарды қабылдау 2023 жылғы 5 қазаннан 5 қарашаға дейінгі мерзімде, эскизді almatyanticorruption@mail.ru  электрондық поштасына жолдай отырып жүзеге асырылады.

Байқау жеңімпаздарын бағалы естелік сыйлықтар күтеді.

Дәстүр бойынша конкурстың қорытындысын шығаруды Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне - 9 желтоқсанға орайластыру жоспарлануда.