Алматыда қаржы пирамидасының басшылары ұсталды

Алматыда қаржы пирамидасының басшылары ұсталды
Сурет: Еgemen.kz

5 айыпталушы 2018 жылдың қарашасынан 2022 жылға дейін "Qnet" қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшелерін басқарған.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, оған тартылған 45 салымшы 75 млн теңгеден айырылған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Qnet қаржы пирамидасының Алматыдағы филиалдарын басқарған бес адам тергеуге алынды.

"Қазіргі кезде 5 тұлғаға қатысты тергеу аяқталып, сотқа жолданды. Тергеу барысында 27,7 млн теңге сомасындағы мүлікке тыйым салынды", - дейді агенттік қызметкерлері.

Қаржы пирамидасын құру – қылмыстық жауапкершілікке жататын әрекет. Ол үшін 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Кінәлі адамның мүлкі тәркіленеді.