Алматыда карате сайысы өтті

Алматыда карате сайысы өтті
сурет: Аlmaty-akshamy.kz

Турнир Токионың 2023 жылғы абсолютті әлем чемпионатына іріктеу мақсатында ұйымдастырылды.

Алматыда карате шинкиокушинкайдан ерлер арасындағы Қазақстан Республикасының кубогы өтті, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz

Карате сайысында абсолюттік салмақ дәрежесі бойында өңірлерден келген спортшылар бақ сынады.

Турнирге еліміздің барлық өңірлерінен 18 жасқа толған спортшылар қатысты. Бұл турнир Токионың 2023 жылғы абсолютті әлем чемпионатына іріктеу мақсатында ұйымдастырылды. Осы жарыс қорытындысы бойынша төрт мықты спортшы сонда аттанады.

Сондай-ақ спортшылардың жай-күйі жайында ой-пікірлер айтылды. Бұл туралы Қазақстан Карате Шинкиокушинкай Федерациясы Президенті Болат Бақтаев айтып береді.

«Биыл қазан айында Жапонияда карате шинкиокушинкайдан жарыс өтеді. Осы турнирден ұтқан 4 спортшыны алып барамыз. Бұл ересектер арасындағы сайыс болады», - деді ол.

Сонымен қатар, алдағы жоспарларымен бөлісті. Ұйымдастырылатын шаралардың жағдайы, хал-ахуалы жайында ойымен бөлісті.

«Үстіміздегі жылы 9-10 маусымда Азия чемпионатын өткіземіз. Жас мөлшері 12-21 жас аралығын қамтиды. Бұл Алматы қаласында өтеді», - деді Болат Бақтаев.

Еліміздегі карате спортының даму қарқыны бойынша пікір айтылды.

«Өзім осы спортпен белсенді айналысамын. Алда Жапониядағы әлемдік додада топ жару қажет. Ел намысын қорғау басты міндет деп түсінеміз», - деді спортшы Еламан Мұқашев.