Алматыда қала күні тойлануда

Алматыда қала күні тойлануда

Кеше Алматыда қала күніне орай музыкалық фестиваль өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Алматы қаласы түрлі мерекелік шаралардың орталығына айналды, қала тұрғындары мен қонақтары түрлі көрмелер мен жәрмеңкелермен танысып қана қоймай,Gakku Dauysy 2022 фестивалін де тамашалады.

Концерттің кешке басталатынына қарамастан халық екі сағат бұрын алаңға жиналып, той думанды асыға күтті. Кіру тегін болғандықтан, көпшілігі қазақстандық жұлдыздардың өнерін тамашалуға алдыңғы қатарлардан орын алуға тырысты. Gakku Dauysy 2022  фестивалі осымен тоғыз жыл қатарынан өткізілуде. Аталмыш шараның басты ерекшелігі – жанды дауыс.

Бір сахнада аға буын өнер жұлдыздары мен жастар бірге өнер көрсетті. Концертті этно-фольклорлық  HasSak тобы ашты. Көрермендер керемет думанды кешті тамашалап, түрлі коллаборацияларды көрді. Шақырылған артистер қатарында Айқын, Диас Аблаев, Мади Рымбаев, Ninety one, Айдана Меденова, M’dee, Darkhan Juzz, Colorit, Arshat, Akim, Mona Songz, Qanay, Kalifarniya, Mofashi,Amre, NKI, Ayree болды. Биыл өнер жолындағы мансабының он жылдығын тойлайтын Али Окапов,  шоу-попурри дайындады. Ал Jah Khalib фестивалдің басты хедлайнері атанды.

Мерекелік шараның тағы бір ерекшелігі, концерт жүргізушілері сахнада көрермендермен бірге Геннадий Головкинді Канеломен жекпе-жегіне қолдау  видеосын түсірді. 

-  Gakku фестивален жыл саны тамашалаймыз, әр жылы түрлі артистер өнер көрсетеді. Осындай мерекелік көңіл күй сыйлаған ұйымдастырушыларға алғысымыз зор, - деді қала тұрғыны Дамелия.

Көрермендер арасында басқа қалалардан оқуға енді қабылданған бірінші курс студенттерін байқауға болады. Олар үшін бұл естен кетпес мереке болғаны анық. 

- Мұндай ауқымды шараға бірінші рет қатысып отырмын. Адам көп, мерекелік атмосфера, керемет көңіл күй, жанды дауыста артистерді тыңдаудың өзі керемет, - деп көрермендердің біреуі ағынан жарылды.