Досхан Жолжақсынов, Мемлекеттік сыйлықтың иегері: Жолдаудың атауының өзі көңілге үлкен сенім ұялатады

Завершилась ее третья неделя, сообщает Vecher.kz.

Досхан Жолжақсынов, Мемлекеттік сыйлықтың иегері: Жолдаудың атауының өзі көңілге үлкен сенім ұялатады basnews.kz

Белгілі актер, кинорежиссер, Досқан Жолжақсынов та елдегі саяси өзгерістерге бейжай қарамай, өз ойын ортаға салып Президент Жолдауларының мазмұнына тоқталып өтті.


2019 жыл... Президент «Сындарлы қоғамдық диалог Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» деп ойын бастады. 2020 жыл... «Жаңа жағдайдағы Қазақстан – іс пен қимылдың кезеңі» деп ұран тастады. 2021 жылы «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» деп ойын жалғастырды. Ал 2022 жылдың наурызында «Жаңа Қазақстан – жаңару мен жаңғыру жолы» деп көрсетті. Осыдан бірнеше күн бұрын, 2022 жылы қыркүйекте «Әділетті мемлекет – біртұтас ұлт, берекелі қоғам» деп үш тағандық қағидатты алға тартып, халқын ұшпаққа шақырды. Мемлекет басшысы халық жағында, мемлекет жағында екенін көрсетті, -  дейді актер.


Тіпті, күні кеше ғана  елімізде өткен әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының VII съезінде де әділетті әлем мәселесі қозғалғанын тілге тиек етті.  


«Рим папасын қарсы алған кезде Мемлекет басшысы «Сіз біздің елге адамзаттық бетбұрыс кезінде келдіңіз», деп парасатты ойын айтты. Бес жолдаудың ішінде халқының бүкіл мұң-мұқтажы атқарылды. Бірақ соның ішінде ең соңғы жолдаудың атауының өзі көңілге үлкен сенім ұялатады.



«Әділетті мемлекет – біртұтас ұлт, берекелі қоғам». Яки, әділетті мемлекетте тұратын біртұтас ұлт берекелі қоғамға кепіл. Әрине, жолдаудың ішінде шоқтығы биік небір шешімдер бар. Соның ішінде – халық қорынан келешек ұрпақтарымызға ашылатын есепшот. Кешегі алпауыттар пышақ үстінен үлестірген миллиондаған гектар жер телімі мемлекетке қайтарылды. Қаңтар оқиғасы кезінде аса ауыр қылмыс жасамағандарға кешірім», – дейді Д. Жолжақсынов.


Ваша реакция?
Нравится
0
Не нравится
0
Смешно
0
Возмутительно
0
Спасибо за Ваше мнение