Алматыда кәріз-сорғы станциясы модернизациялануда

Алматыда кәріз-сорғы станциясы модернизациялануда
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Бостандық ауданының мердігерлік ұйымы 2017 жылы «Ерменсай» және «Бағанашыл» ш/а шекарасында бұрынғы жыраның орнына кәріз-сорғы станциясын (бұдан әрі-КСС) орнату жұмыстарын жүргізген еді.

Айта кетерлігі, аумақтар 2014 жылы Алматыға қосылды, одан кейін қолданыстағы жыра бекітілді және Жәңгір хан көшесінің бойында орналасқан көппәтерлі тұрғын үй кешендері («Sun Town» ТК, Mountain Drive/Эверест ТК, «Regent» ТК, «Мамыр» СТ, 138/3 үй) жаппай салына бастады. Қазіргі уақытта арық жүйесінің өткізу қабілеттілігіне, сондай-ақ КСС пайдалануда жүктеме байқалады, бұл өз кезегінде қатты жауын-шашын (жаңбыр) кезінде Жәңгір хан көшесінің табиғи еңісі және жаңбыр суын жинаудың ең төменгі нүктесі болатын жол бөлігінде жаңбыр мен еріген судың жиналуына әкелуде. 

Су тасқынын жоюға апатты қызметтердің, ТЖД, жөндеу жұмыстарымен айналысатын мердігерлік ұйымдардың күштерін тарта отырып, коммуналдық қызметкерлер жұмылдырылды.

Қазіргі уақытта орнатылған КСС-да Ерменсай өзенінде су айдаудың жоғары қысымымен 3 тереңдік сорғы, диаметрі Д-200 мм. құбыр штаттық режимде жұмыс істеуде. 

Бостандық ауданы әкімінің аппараты жаңбыр суының кедергісіз өтуін қамтамасыз ету үшін 2 қосымша сорғы станциясын орнату, сондай-ақ Сырғабеков көшесінің арық жүйесіне Д-250-300 мм қосымша бұру құбырын салу көзделген. Және басқа да жұмыстар жүргізу жоспарлануда.

Ағымдағы жөндеуге қаражат бюджетте қарастырылған. Мердігер ұйым анықтағаннан кейін барлық жұмыстар жүргізіледі.