«Халық қатысатын бюджет» жобасы бойынша Алмалы ауданына 800 млн теңге бөлінді

«Халық қатысатын бюджет» жобасы бойынша Алмалы ауданына 800 млн теңге бөлінді
Сурет: Gov.kz

Алмалы ауданының тұрғындары 153 жоба ұсынған.

«Халық қатысатын бюджет» жобасына ниет білдірушілер артып келеді. Алматының Алмалы ауданының тұрғындары 153 жоба ұсынған. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев  халықпен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Тұрғындар 153 жоба ұсынған. Дауыс беру және қарау нәтижесінде 2022 жылы іске асыру үшін 39 жоба іріктеп алынды.

 «Аула кеңістігін жаңарту бойынша 21 жоба орындалуда. Бүгін біз балалар және спорт алаңдарын орнату, қоғамдық кеңістіктер құру, көгалдандыру, иттерді серуендететін алаңдар құру жұмыстарын атқарып жатырмыз », - деді қала әкімі.

Сондай-ақ, қала әкімінің айтуынша, осы жылдың 1 қыркүйегіне дейін «АЗТМ» скверін (Төле би – Гагарин) және А. Байтұрсынов пен Ә. Шәріпов көшелерінің ортасындағы Бөгенбай батыр бульварын абаттандыру аяқталады.