Дидар Ділдәбек: Дәл қазір біз үлкен бір өзгерістердің алдында тұрмыз

Дидар Ділдәбек: Дәл қазір біз үлкен бір өзгерістердің алдында тұрмыз
Сурет: Almaty.tv

Абай атындағы ҚазҰПУ тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты департаментінің директоры Дидар Ділдәбек 20 қараша күні өтетін кезектен тыс президент сайлауы туралы пікірін ортаға салды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

«Әлемдегі жағдайды бәріміз де білеміз. Еліміздегі кезектен тыс Президентті сайлау науқаны осындай алмағайып уақыттың талабынан туып отырғандығы сөзсіз. Дәл қазір біз үлкен бір өзгерістердің алдында тұрмыз. Жазда өткен референдум сол өзгерістердің бастауы болатын. Алдымызда күткендегідей нәтижеге жеткізетін жол тұр. Ол жолға әкелетін нәрсе – президент сайлауы. Яғни бұл – халық үшін мәні зор өзгерістер кезеңінің басы», – деді Абай атындағы ҚазҰПУ тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты департаментінің директоры Дидар Ділдәбек.