Боксшы Алуа Балқыбекова әлем чемпионатының финалына жолдама алды

Боксшы Алуа Балқыбекова әлем чемпионатының финалына жолдама алды
Сурет: Prosports.kz

Алуа финалдық жекпе-жек бағдарламасын ашады.

Бокстан әйелдер арасындағы әлем біріншілігінің финалына өткен қазақстандық боксшы Алуа Балқыбекова (48 келі) 19 мамырда бірінші болып финалдық жекпе-жек бағдарламасын ашады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz сілтеме жасап.

Азия чемпионы атанған қазақстандықтың қарсыласы Түркия өкілі Айсе Чагирар болады.Ақтық жекпе-жектің басталуы Нұр-Сұлтан уақытымен 21:00-ге жоспарланған.

Еске сала кетсек, жамбылдық боксшы Алуа Балқыбекова жартылай финалда Болгариядан келген Севда Асенованы ойсырата жеңген еді. Жекпе-жек бірінші раундта мерзімінен бұрын аяқталды.