Алматыда «Jaz Energy 2023» фестивалі өтті

Алматыда «Jaz Energy 2023»  фестивалі өтті
Almaty-akshamy.kz

Алматыда Халықаралық Жастар күні қарсаңында «Hide Park» аумағында «Jaz Energy 2023» фестивалі өтті, оған 500-ден астам адам қатысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Алматы жастары – таусылмайтын күш пен шығармашылықтың қайнар көзі деп білеміз. Біздің іс-шараның мақсаты – жастардың өзін-өзі дамытуға, жаңа орта табуға және алға қойған мақсаттарына жетуіне талпыну және қолдау көрсету», - деп түсіндірді Жастар ресурстық орталығының жетекшісі Ахатай Ырысбек.

Іс-шара барысында «Sunshine» және «Bauyrdaq-Qazaq Fastfood» компанияларынан жеңілдік сертификаттары табыс етілді. Сурет салу, садақ ату, қыш құмыра жасау және мехенди қолдану бойынша мастер-класстар ұйымдастырылды.

Кеш атмосферасын DJ AKHMETOFF және MC TANAT ерекшелей түсті, фестиваль «Чарли және шоколад фабрикасы» және «Қара киімді адамдар» фильмдері ұсынылатын ашық аспан астындағы кинокешпен аяқталды.

«Фестиваль «Jaz Energy 2023» жарқын естеліктер мен шабыт қалдырды. Жастардың шығармашылық идеялармен алмасу үшін қалай бас қосқанын көру өте жақсы болды. Қызықты бағдарлама мен қаламыздың жастарына қолдау көрсеткені үшін ұйымдастырушыларға үлкен рахмет!», - деп пікір білдірді шара қонағы Ханаткан Аружан.

Фестивальді Алматы қаласының Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры, «Hide Park»-пен бірлесіп ұйымдастырды.