Алматыда коммуналдық қызметтер нөсер жауынның салдарымен күресуде

Алматыда коммуналдық қызметтер нөсер жауынның салдарымен күресуде
Сурет ашық дерек көзінен алынды

Алматыда 12 тамыз сағат 19:00-дегі жағдай бойынша 27 мм көлемінде жаңбыр жауды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Бұл «Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша бір айлық норманың 80%-ын құрайды (тамыз айында 33 мм).Нөсерлетіп жауған қысқа мерзімді жаңбырдың салдарынан қаланың кейбір аудандардың көшелері мен аулаларын су басты. Жаңбыр басталғалы бері 52 мобильді бригада мен 27 мотопомба жұмылдырылды.

Қазіргі уақытта су тасқынын жоюға күшейтілген режимде 1008 жол қызметкері мен 640 арнайы техника жұмылдырылған. Бұл жұмыстар барлық қалалық төтенше жағдайлар қызметтері, ТЖД күштері мен жөндеу жұмыстарына айналысатын ұйымдарды тарта отырып жүргізілуде. Медеу ауданының әкімдігі аудандық Төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп, көшкін қаупі бар аймақтарға тексеру жүргізді. Топырақтың түсу жағдайлары болған жоқ.

Алдын ала 11 тамызда «Қазгидромет» РМК 12 тамыз күні кешке жаңбыр жауатынын ескерткен болатын. Соған байланысты кешеден бері қаланың коммуналдық қызметтері су тасқынының алдын алу және кедергісіз су ағуын қамтамасыз ету мақсатында 320 жұмысшы мен 89 бірлік арнайы техника тарта отырып, канал желілерінің проблемалық аймақтарын, арна өткелдерін және қоқыстарды жинауға арналған «тұзақтарды» тазалау жұмыстары ұйымдастырылды. Сонымен қатар, 2 мыңнан астам құм салынған қаптар дайындалды.

Арық желілері мен өткелдер дұрыс жұмыс істеп тұр, алайда жоғары жақтан қала орталығына келетін нөсер суының аномальді көлеміне байланысты су тасқыны жол жиегі мен іргелес аумақтарға ағып жатыр. Бірақ бұл уақытша құбылыс. Жағдай жақын арада тұрақталады. Барлық зардаптар жауын-шашын тоқтағаннан кейін бірден жойылады.