Алматыда іздеуде жүрген 38 қылмыскер құрықталды

Алматыда іздеуде жүрген 38 қылмыскер құрықталды
Сурет: Polisia.kz

Алматы полицейлері 38 қылмыскерді ұстады.

Жергілікті полиция қызметінің мәліметінше, “Құқықтық тәртіп” жедел алдын алу іс-шарасының 10 күнінде “ізін суытпай” 316 қылмыстың, сондай-ақ бұрын жасалған 144 қылмыстың беті ашылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Іс-шара кезеңінде құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын күшейтуге, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда тиісті қоғамдық тәртіпті сақтауға, бұзақылық, мүліктік залал, ұсақ бұзақылық, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылық, оның ішінде кәмелетке толмағандарға қатысты құқық бұзушылық деректерінің алдын алу, анықтау және жолын кесуге баса назар аударылды», – деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Диас Дуанбеков.

Іс-шара басталғалы полиция бөлімшелері заңсыз айналымнан 10 атыс қаруы мен 4 суық қаруды тәркіледі. 14716 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, жолы кесілді, оның 210-ы отбасы-тұрмыстық қатынастар саласына қатысты болған. Сондай-ақ 2 мыңға жуық қоғамдық орындарды ластау, 500-ден астам тыныштықты бұзу, 1,5 мыңнан астам қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді ішу, 900-ге жуық қоғамдық орындарда темекі шегу деректерінің жолы кесілді.