Әлемдегі коронавирус жаңалықтары

Әлемдегі коронавирус жаңалықтары
Сурет: Tengrinews.kz

Жапония астанасында коронавирус жұқтырғаннан кейін созылмалы аурулары жоқ 10 жасқа жетпеген бала алғаш рет қайтыс болды.

Дәрігер тексеріп, коронавирустық инфекцияға оң нәтижелі тест тапсырғаннан кейін қыз үйде емделген, өйткені ол тек жеңіл белгілерді ғана сезінген. Алайда, екі күннен кейін оның жағдайы нашарлап, бала шұғыл ауруханаға жатқызылады, кейіннен ауруханада қайтыс болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-тың Telegram каналына сілтеме жасап. 

Өлімнің ресми себебі қазіргі уақытта белгісіз, бірақ бұл - Токиода жаңа COVID-19 жұқтырғаннан кейін 10 жасқа жетпеген баланың созылмалы немесе ілеспе ауруларсыз қайтыс болуының алғашқы жағдайы.

Жапония коронавирустық инфекцияны жұқтырудың жаңа жағдайларының өсу қарқыны бойынша бес апта қатарынан көш бастап келеді. Күнделікті өлім-жітім бойынша ел қазір АҚШ-тан кейін екінші орында - өткен аптада Жапонияда 1,5 мыңнан астам ауру жұқтырғандар қайтыс болды. 

Сонымен қатар, елде инфекцияның таралуына байланысты ешқандай шектеулер енгізілген жоқ. Билік халықты қажетті сақтық шараларын сақтауға, ал 65 жастан асқан адамдарды қосымша вакциналаудан өтуге шақырады.

- Коронавирустық инфекцияға қарсы вакциналаудың қауіпсіздігі мен тиімділігі ауа температурасына байланысты емес, - дейді Ресей Федерациясының инфекционист-дәрігері.

"Ауа температурасы вакциналаудың тиімділігіне, қауіпсіздігіне әсер етпейді, сондықтан эпидемиялық жағдайды ескере отырып, вакцинаның алдыңғы дозасын қабылдаған және үш-алты ай бұрын ауырған кез келген адамға вакциналау ұсынылады", - деді ол.