Алматының Алмалы ауданында 19 шақырымнан астам жол жаңартылды 

Алматының Алмалы ауданында 19 шақырымнан астам жол жаңартылды 
Сурет: Gre4ark.livejournal.com

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясы барысында Алмалы ауданының әкімі Ержан Сейтенов хабарлады

Ол 13 көшеге жаңа асфальт төселгенін айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz
 
Сонымен қатар, Райымбек – Розыбакиев көшелері бойындағы жолайрығына жөндеу жүргізіліп, 20 мекенжай бойынша 5 шақырым тротуар желісінің құрылысы аяқталды. 
 
Қазіргі кезде бұрын реттелмейтін төрт қиылысты бағдаршамдармен жабдықтау және реттелетін батырмалы бағдаршамдарды орната отырып, 8 жаяу жүргіншілер өткелін жаңғырту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жұмыстар жыл соңына дейін аяқталады. 
 
Ержан Сейтенов аулалар мен көшелерді жарықтандыру туралы да айтты. 
 
- Осы жылға жоспарланған 84 жарықтандырылмаған және жартылай жарықтандырылған учаскелердің бойына көше шамдарын орнату толығымен аяқталды. Аудан көлеміндегі 14 монументке қосымша жарық түсірдік, - деді аудан әкімі. 
 
Сонымен қатар, Әлімжанов көшесінің Панфилов көшесінен Назарбаев көшесіне дейінгі және Шәріпов көшесінің бойымен  Абай даңғылынан Мақатаев көшесіне дейінгі бөліктеріндегі ескі көше шамдары жаңартылды. 
 
Есентай өзенінен Сайран көліне дейін Шевченко, Желтоқсан көшелері мен Абай даңғылының бойындағы көше жарығын жаңарту жұмыстары жалғасуда.