Алматыда Еуразиялық фармацевтикалық форумы өтеді

Алматыда Еуразиялық фармацевтикалық форумы өтеді
сурет: ашық дереккөз

Шараға Еуразиядағы фармацевтикалық өнімдерді өндірушілер қатысады.

28 ақпан мен 1 наурыз аралығында Алматыда XIV халықаралық Еуразиялық фармацевтикалық форумы өтеді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz

Іс-шара Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылмақ. Форумға салалық кәсіптік ұйымдар, реттеушілер, министрліктер мен ведомстволардың өкілдері, сондай-ақ Еуразиядағы фармацевтикалық өнімдердің ірі халықаралық және жергілікті өндірушілері қатысады.

Сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссияның, Беларусь Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің, Өзбекстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің, Өзбекстан Республикасы Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрлігінің Фармацевтика саласын дамыту агенттігінің, Қырғыз Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің, Академик Э. Габриелян атындағы дәрілік заттар мен медициналық технологияларды сараптау ғылыми орталығының өкілдері, т.б. қатысады деп күтілуде.