Алматыда ертең күшті жел тұруы мүмкін

Алматыда ертең күшті жел тұруы мүмкін
Сурет: Ашық дереккөз

Желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетуі мүмкін

Алматылықтарға қалалық Төтенше жағдайлар департаменті екпінді жел туралы ескерту жасады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

"Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті "Қазгидромет" РМК-ның 2023 жылғы 6 сәуірдегі № 03 ескертуіне сүйене отырып ескертеді! Алматыда ертең, 7 сәуірде, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетуі мүмкін", - делінген Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті хабарламасында.

ТЖД қызметкерлері тұрғындарды мынадай сақтық шараларын сақтауға шақырады:

"Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға көпірлер, қойма және ағаштардан аулақ болуды ұсынады. Адамды ұшып кеткен бұтақ, сынған шифер, жол белгісі соғуы мүмкін. Жерасты өткелдерінде, метро станцияларында немесе ғимараттар тасасында жасырына аласыз. Билбордтардан, маңдайшалардан, аялдамалардан, павильондардан, бағдаршамдардан алыс жүру керек. Қала тұрғындарына көліктерді ағаштардың астында қалдырмау ұсынылды",- делінген хабарламада.