Алматыда екіқабатты үй өртенді

Алматыда екіқабатты үй өртенді
Сурет: ТЖД баспасөз қызметі

200 шаршы метр аумақ өртенген.

Алматыда екіқабатты тұрғын үйде алапат өрт болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz қалалық ТЖД мекемесіне сілтеме жасап.

Алматыда Байтұрсынов көшесінің қос тарапы, атап айтқанда Абай мен Сатпаев көшелері қиятын бөлігі жабылды. Оған себеп - екі қабатты тұрғын үйден шыққан өрт.

14 наурызда сағат 20:24-те Алматы қаласы ТЖД күштері мен құралдары Бостандық ауданы, Байтұрсынов көшесі мекенжайына аттанды.

«Оқиға орнына сағат 20:32-де жеткен № 1 МӨСБ алғашқы бөлімшелері екі қабатты ғимараттың екінші қабатындағы пәтердің өртеніп жатқанын анықтады. Аралас үй-жайларды қорғап, өртті сөндіруге өрт оқпандары әзірленді, өрт автоцистерналары су көздеріне жедел орнатылды, суды үздіксіз беру қамтамасыз етілді. Ғимараттың отқа төзімділігі төмен санатына жататыны, қабырғалар мен төбе жабындарында жасырын бос орындардың болуы өрт сөндіру жұмыстарын қиындатты. Қабылданған шаралардың арқасында өрт сағат 21.43-те оқшауланды. Өрт сөндірушілердің үйлесімді іс-әрекеттерінің арқасында өрт іргелес орналасқан үйлерге таралған жоқ», делінген ТЖД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.