«Мансап күні» онлайн бос орындар жәрмеңкесіне шақырамыз

«Мансап күні» онлайн бос орындар жәрмеңкесіне шақырамыз
Сурет: Іnbusiness.kz

«Мансап күні» онлайн бос жұмыс орындары жәрмеңкесі креативті жастарды жұмысқа орналастыруға қолдау көрсетуге, азаматтардың жұмысқа орналасуына және жұмыс берушілердің лайықты жұмыс іздеп жүрген қажетті ізденушілерді (кадрларды) таңдап алуына жәрдемдесу арқылы креативтік қоғам өкілдерінің әлеуетін ашуға бағытталған.

2021 жылғы 7 желтоқсанда сағат 11.00-де Алматы қаласы Креативтік индустриялар басқармасының ұйымдастыруымен «Мансап күні» онлайн бос орындар жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Жәрмеңкенің артықшылығы Алматы қаласының халықты жұмыспен қамту орталығының қатысуы, сондай-ақ Қазақстанның еңбек нарығында Сбербанк Қазақстан, Қазақстан Халық банкі, Халык Life, Magnum Cash & Carry, Centras Group, «Алина» компаниялар тобы, «Нұрбанк» АҚ, «ШАГ» Компьютерлік Академиясы, «АЗМК» ЖШС, «Жедел Күзет» ЖШС, «Дудар» және «Торнадо Плюс» компаниялары сияқты жетекші компаниялардың танымал кәсіпкерлері мен рекрутерлерінің қатысуы болып табылады. Іс-шарада 100-ден астам бос жұмыс орны бойынша әңгімелесу өтеді, ізденушілерден 350-ден астам өтінім қабылданды.

Іс-шарада спикер ретінде Алматы қаласы Креативтік индустриялар басқармасы басшысының орынбасары Мұқажанова Әсел Нұрланқызы, Сбербанк Қазақстан компаниясының DevOps бағытының жетекшісі Мұстафин Ілияс, Сбер Қазақстан компаниясының андеррайтинг және мониторинг департаментінің директоры Зординов Кудрат, Қазақстан Халық банкінің өкілі Александр Вишневский және «Алматы қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-нің жұмыс берушілерді қолдау бөлімінің басшысы Жүкенова Алтынай Аязбайқызы сөз сөйлейді.

Іс-шараның модераторы - әртіс Дәурен Серғазин.

Өтетін орны: Alatau Creative Hub, Алматы қ., Атлетикалық ауылы ТК, Нұркент шағынауданы, 5/11.

Іс-шараның көрермені және шолушысы ретінде қатысуға шақырамыз, қатысу үшін өтінімдерді ұйымдастырушы Әбдімомын Маратқа 87756801000 нөмірі бойынша хабарласып, растай аласыз.