Алатау ауданында 30 автобус наурыз айының соңына дейін жаңартылады

Алатау ауданында 30 автобус наурыз айының соңына дейін жаңартылады
almaty-akshamy.kz

Маршруттарды жаңарту және күшейту: Алматының Алатау ауданында қоғамдық көлікке қызмет көрсету сапасы қалай жақсарады

Былтырдан бері Алатау ауданында 497 жаңа автобус және №19 бағыты бойынша 10 троллейбус тасымалдаумен айналысады. Бұл туралы аудан әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесуде мәлімдеді.
Оның айтуынша, 19 маршруттың құрамы толығымен жаңартылып, 7-і күшейтілді, қосымша 10 жаңа маршрут қосылды. 

«Осы жылғы наурыз айының соңына дейін қолайлы жағдай жасау мақсатында №120 маршруттың құрамын 30 автобуспен жаңарту, сондай-ақ, 3 маршруттың (№16, 50, 123) құрамын ауыстыра отырып, 39-дан 62-ге дейін жаңа автобуспен күшейту жоспарланып отыр», - деген Ерболат Досаев, 2024 жылы №133 маршруттың құрамын толығымен экологиялық таза газбен жүретін 18 үлкен автобуспен жаңарту жоспарланып отырғанын айтты.