Egov порталында пәтерді жалға алу туралы электрондық келісімшарт пайда болуы мүмкін

Egov порталында пәтерді жалға алу туралы электрондық келісімшарт пайда болуы мүмкін
Сурет: Inbusiness.kz

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин осындай ұсыныс айтты.

Соңғы уақытта тұрғындардан пәтер иесінің бағаны өсіріп, мерзімінен бұрын үйден шығарып жатқаны туралы шағым көбейген. Енді үйді жалға беруші мен жалға алушы адам арасында заң жүзінде күші бар жаңа келісімшарт құру жоспарланып отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Егер енгізілсе, бағаны негізсіз көтеруге, үйден мерзімінен бұрын шығарып жіберуге тосқауыл қойылмақ. Ұлттық статистика бюросының дерегінше, қыркүйекте баспана жалдау шаршы метріне 4600 теңгеге дейін қымбаттаған. Қостанайда жалға алу бағасы 40 пайызға өскен. Алматыда шаршы метрі 5600 теңге, Астанада 4500 теңгеге дейін шарықтады.