Алматыда екі автобус соқтығысты

Алматыда екі автобус соқтығысты
Сурет: Zakon.kz

Апат салдарынан автобустар мен троллейбустар өте алмай қалды

28 ақпан күні таңертең Тимирязев-Гагарин бағытында белгіленген жолақпен екі автобус соқтығысты. Салдарынан көлік кептелісі пайда болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Куәгердің айтуынша, 22 және 205 бағыттағы автобустар соқтығысқан.

205-ші маршруттың жүргізушісі автобусының айнасын 22-маршруттың майыстырғанын мәлімдеді. Жол-көлік оқиғасына қатысушылар полицияны күтіп тұр.

Апат салдарынан автобустар мен троллейбустар өте алмай қалды. Ұзақ кептеліс пайда болып, адамдар аялдамада көп жиналды.