Алматыда «Дос-Мұқасан» тобына арналған көрме өтеді

Алматыда «Дос-Мұқасан» тобына арналған көрме өтеді
Сурет: Qazaqconcert.kz

Аталмыш шара танымал топтың 55 жылдығына арналады.

2022 жылдың 16 қыркүйегінде сағат 15: 00-де Алматы музейінде Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен «Дос-Мұқасан» вокалдық-аспаптық ансамблінің 55 жылдығына арналған «Алматы түні»көрмесі ашылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Көрмеде «Дос-Мұқасан»тобының жеке мұрағатында сақталған 200-ден астам экспонат: сахналық костюмдер, музыкалық аспаптар, марапаттар, концерттік афишалар, фотосуреттер мен естелік сыйлықтар ұсынылады.

Сонымен қатар, көрмеге Павлодардағы С. Торайғыров атындағы мемлекеттік университеттің мұражай кешенінің құрамындағы «Дос-Мұқасан» мұражайының құнды экспонаттары арнайы жеткізілді.